суббота, 12 января 2019 г.

Ұстаздық- менің бақытым


Ұстаз деген ұлы есімді естігенде кез келген адамның балалық шағы есіне түсетіні белгілі.Бәріміз де бала болдық. Балалық шақтан бастап ұстаздарға еліктеп өстік. Балалық шақтың арманының үлкен өмір жолына бастайтынын кім білген? Әрине бала болып білмесек те үлкен арман, қиялдарымыз бізді ұстаздықтың даңғыл жолына алып келді. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Жастық шағымның жалындаған  уақытынан бастап қазіргі күнге дейін өз ісімді сүйіспеншілікпен атқарып келемін. Бастауыш сынып оқушыларын сауаттандырып, қолға қалам алып жазуды үйрету қиынның қиыны.Бірақ қиындығымен қатар қызығы да мол жұмыс. Кіп-кішкентай балапандарды көргенде шаршағаныңды да ұмытып кетесің. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген ұлы педагог Ян Амос Коменский: «Мұғалімге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деген екен.  

 Үнемі күндей күлімдеп, биіктен жарқырап тұру үшін үнемі өзіңді- өзің рухани тұрғыда жетілдіріп тұруың қажет екен.Көп жылымды балалармен бірге өткізгеніме қуаныштымын. Олар мен үшін шұғылалы шуақ, өмірімнің мәні. Оларсыз өз өмірімді елестетете де алмаймын. Шәкірттерімнің биік белестерден көрінуіне үнемі тілектеспін және оларды арнайы додаларға дайындауда үнемі белсене араласамын. Ұстаз болуды мен үлкен бақыт санаймын.Өйткені менің бақытым да бағым да ұстаздықтан бастау алған. Ұстаздың жолы-ұлылық, ұрпағы жүрсін ұғынып демекші, келер ұрпаққа келелі тәрбие мен кемел білім беру жолында аянбай еңбек етейік!


Айлықтың мұңы

     Қордағы ақша: Әй айлық неге сонша мұңаясың, Кетіпті ғой тіптен басың салбырап. Айлық: Оның рас есімді жия алмасым, Не...