Қордағы ақша: Әй
айлық неге сонша мұңаясың,
Кетіпті ғой тіптен басың салбырап.
Айлық: Оның рас есімді жия алмасым,
Не істерімді білмей тұрмын абдырап.
Қордағы ақша: Кеше
ғана шығамын деп қуанып,
Жүр едің ғой неге тұрсың суалып.
Айлық: Қалай ғана суалмаймын қарағым,
Бонкаматтан шықпай жатып тоналдым.
Күні өтіп кеткен екен қарыздың,
Тыңдалмады менің айтқан арызым.
Кредитім бар болған соң амал жоқ,
Оны өтеу мына менің парызым.
-
Қуантуға
бара алмаймын үйімді,
Дүкенші жүр қос қабағы түюлі.
Бере алмасам ішіп жеген қарызды,
Күнде келіп жейді менің миымды.
Қордағы ақша: Қарызыңды
төледім деп жанықпай,
Қанағат қыл қалғанына қамықпай.
Үйіңе қайт қуантсайшы ертерек,
Суға кеткен үйректей боп зорықпай.
Айлық: Ал одан соң қарызбын сол көршіден,
Балаларға аяқ киім әпергем.
Тағы да алғам оң жақтағы көршіден,
Тойға апардым бұрын маған әкелген.
Қордағы ақша: Ой
байғұс ау халің мүшкіл екен ау,
Тілемеймін жауыма да мұндайды.
Қарыз деген неткен мықты күшті жау,
Көрмегенмін өмірімде ондайды.
Айлық: Бұл қарыздар бір біріне қосылған,
Тағы да алғам жұмыстағы досымнан.
Ал қанекей айта қойшы саралап,
Нең қалады нем қалады осыдан.
Қордағы ақша: Жылына
бір шыққаныма нала боп,
Жүруші едім сары уайымға қамалып.
Сені көріп тәубе қылдым тәңірге,
Жинақталып тұрғаныма қуанып.
Айлық: Шаттық сыйлай алмағанға налимын,
Қуанышы болсам екен әр үйдің.
Қуанар ем қуанар ем егер де,
Мына менің арқамда,
Орындалып жатса егер әр игің.
Қордағы ақша: Риза
болдым жинақтаған қорыма,
Түсірмейтін таршылықтың торына.
Мың да бір рахмет айтам тәңірге,
Нәсіп еткен айналдырмай сорлыға.
-Әй адамдар аяңдаршы айлықты,
Айтыңдаршы айлық неден қаймықты.
Аз дүниеге ете білген қанағат,
Қиналмай ақ иеленер байлықты.
Альжанова Алтынай
Online Casino Site Review - LuckyClub
ОтветитьУдалитьIf you are looking for the best luckyclub online casino site from all over the world, you will love Lucky Club. It offers a variety of games to cater to players