Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа ұлағат
Тіліндей
сыртылдаған сыр сағаттың,
Барады
келместікке әр ғажап күн.
Өткен күн –
тарих біздің тірегіміз,
Келер күн
қасиетті тілегіміз.
Бабамыздың
жүріп өткен ұлы жолы,
Ғасырлар
қойнауында қалған мұңы.
Әр келер ұрпағыңа бір аманат,
Қазақтың
рухын сақтау көне күнгі.
Далам бар
айшықталған кеңдігімен,
Бабам
бар аты өшпейтін ерлігімен.
Рухым бар
мызғымайтын үп еткенге,
Дарияда сең
болып сенделмеген.
Оян қазақ!
Көкейде
серпілт мұңды,
Тарихың бар
сом алтындай аса құнды.
Ұлы дала
жеті қырын насихаттап,
Елбасымыз
қолдаған жаңғыруды.
Көк аспаның
еркіндігің, ел тілегің,
Келді бүгін кезегің серпілетін.
Қазағымның
басына бір бұлт төнсе,
Найзағайдай
келеді күркірегім.
Кейде тіпті
келеді жауын болғым,
Көк тамырын
қуалап дамылдармын.
Бөгеттердің
тас талқанын шығаратын,
Келеді кейде
менің дауыл болғым.
Елбасының
атап айтқан жеті қыры,
Қазағыма
сәуле шашар жеті нұры.
Өткеніне
оралмаған өспек емес,
Сақталмаса
тарихи кешелері.
Ел бірлігін
сақтаған әз хандардың,
Ұмытуға бола
ма аманатын ?
Келер
ұрпақ мүлгіме, басыңды бұр,
Келді кезі
рухымыз жаңғыратын.
Сеземін
туған елдің өскендігін,
Туған жерде
кіндікті кескендігін.
Білемейміз-ау біз бірақ әрбір тастың,
Ғасырлардың
құрдасы боп кеткенін.
Тірі жанмын,
ұлтымның аманатын,
Көтеремін
келгенше шама шарқым.
Әрбір қазақ
болмысымен сақтаса екен,
Биік рухын,
тектілікке жанасатын.
Кең даладан
үйрендік кең пейілді,
Жасындардан
үйрендік өртенуді.
Асқар таудан
үйрендік биік болып,
Құлап қалмай
жәй ғана теңселуді.
Бұлақтардан үйрендік жан тазалығын,
Тастай берік болуды таза мығым.
Бәрін бәрін
үйрендік даламыздан,
Қасиетін
сарқылмас қазағымның.
Қырандай боп
құлаштай қанат жайып,
Арғымақтай
дүбірлеп бәйге алып.
Талай тарих толқынында мүлт кетпеген,
Қазағым дана
халық, дара халық.
Жаңғыру – ұлы
ұлттың мұраттары,
Төл тарихтың
болу керек жинақтары.
Мынау қалай,
қай кезде болған деген,
Болмау
керек келер ұрпақ сұрақтары.
Хан да өткен , қара да өткен бұл заманнан,
Өткен халқым
әр қалай шырғалаңнан.
Соғыс пен
жұт, аштықтан қырылса да,
Рухын
тіктеп, бастаған оң қадамнан.
Киелі жер
қазақтың сахарасы,
Хан Керей
мен Жәнібектей бар дарасы.
Абылайдай
басын қосқан бар қазақтың,
Ұлтымның бар
көш бастаушы сан сарасы.
Қаракерей
Қабанбай мен Бөгенбай,
Шапырашты
Наурызбай мен Ағыбай.
Тере берсем
елін жауға бермеген,
Қас батырлар
Маханбет пен Исатай.
Қажымұқан
палуандай нар тұлға,
Бауыржандай
батыр үлгі әр ұлға.
Мәншүк пенен
Әлияның ерлігі,
Ғибрат болар
қос бұрымды әр қызға.
Үш биім мен
бес арысым мәңгілік,
Мұралары
жүре берсін жаңғырып.
Шөліркеген
жанға сусын әр мұра,
Шырқау керек
әр тұлғамды ән қылып.
Абай - дана,
Абай - дара қазақта,
Тарих толы
шын дарын мен ғажапқа.
Өрмелеген
қазағымның көгіне,
Бетке тұтар
дарабоздар қаншама!
Білу керек
ұлылардың есімін,
Мәңгүрттікке
халқымда жоқ кешірім,
Әл Фараби,
Яссауидың мұрасы,
Тербететін
бар түріктің бесігін.
Түп тамырын
тарихымның қопаратын,
Кезің келді
уә әлеумет жаңаратын.
Жазу керек
том-том кітап өлмейтұғын,
Уақыт пенен
кеңістік тоғысатын.
Күміс кесе
бетінде таңбасы бар,
Жатқан
жердің қойнауында сан ғасырлар.
Көне жазу
ішіндегі ең көнесі,
Кеседе
екен жәдігермен сырласыңдар.
Алтын дәуір,
алтын тарих, алтын адам,
Төл тарихым
саф алтындай жалтыраған.
Кенге толы,
қазыналы қара жерім,
Берекелі
байлығым бар бұзылмаған.
Бәрі де бар
менің байтақ елімде,
Кенге толы
өлкем жатыр керіле.
Кел дағы ұқ,
үңіл терең түбіне,
Тарихыңды
шығар әлем төріне.
Алатауда
қызғалдақ пен алма бар,
Күллі әлемге
осы жерден таралар.
Мақтанышпен
айту керек тамырын,
Қазағымның
еліндей ел қайда бар?
Ат тұяғы
дүбірлеткен даламды,
Ер қазағым
еркіндіктен жаралды.
Тұлпар
мінген жоғалтпастан тұяғын,
Келер ұрпақ
көтерсінші бағаңды.
Қобызым мен
домбырам бар киелі,
Жаралғандай
тылсым күштен сүйегі.
Бар құбылыс
тебіренер әуенмен,
Бұл домбыра
қазағымның жүрегі.
Тағы аң мен
заңым да бар айбарлы,
Қорғау
керек, жасау керек байламды.
Уа тәңірім,
ұлттығымнан айырма,
Жаңғырта бер
, жасарта бер санамды.
Қазақ жері –
Еуразия кіндігі,
Ұлы Жібек
жолы түрген түндігін,
Шығыс,
Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік,
Өркендеткен
саудалардың бірлігін.
Қазағымның
елі де бай жері де,
Уақыт шіркін
түйсе дағы келіге.
Рухы берік,
жаны таза мөп-мөлдір,
Ұлтым менің
таусылмайтын әңгіме.
Ұлтарақтай
жерін бермей сақтаған,
Ұлы
далам ұрпақтарға аманат.
Домбырадай
киелі күй ақтарған,
Бар шежірең
ұрпақтарға ұлағат.
Альжанова Алтынай
Қандай терең мағыналы. Қандай жаны жайсаң жан едіңіз. Керемет шыққан
ОтветитьУдалить